2. ТИҚО тегін негізде көрсететін қосымша қызметтер:
2.1. Зияткерлік меншік саласындағы заңнама, сондай-ақ күзет құжаттарын алуға өтінімдерді ресімдеу және беру және оларды күшінде ұстау жөніндегі ҚР нормативтік актілері бойынша жалпы ақпарат беру;
2.2. АЖ саласындағы мамандандырылған деректер базасында іздеу жүргізу дағдыларына оқыту (оқыту семинарларын өткізу);
2.3. Лицензиялау бойынша негізгі ұсынымдар беру;
2.4. Өңірде зияткерлік қызмет нәтижелерін құқықтық қорғау және пайдалану, патенттік зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
2.5. Зияткерлік меншік бойынша мамандардың консультацияларын алу мүмкіндігі туралы хабардар ету;
2.6. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патенттер беруге өтінімдерді, тауар белгісін және қызмет көрсету белгісін мемлекеттік тіркеуге өтінімдерді, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды, деректер базасын, интегралдық микросхема топологиясын ресімдеу мен берудің жалпы мәселелері бойынша консультация беру